Павлодар облысында вирустық инфекция биыл жылдағыдан екі апта ерте тарады. Сырқаттар саны күрт өскен. Әсіресе Павлодар мен Екібастұзда жедел жәрдем қызметіне айтарлықтай салмақ түсіп тұр. Оларға емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар көмекке келді.
Мамандардың айтуынша, қалыпты жағдайда тәулігіне 70–80 шақырту тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 400-ден асып кеткен. Ауырып жатқандардың шамамен 70 пайызы балалар. Әсіресе бір жастан бес жасқа дейінгі сәбилер жиі сырқаттануда. Жедел жәрдем алдымен өміріне қауіп төнген, бірінші дәрежелі науқастарға жөнелтіледі. Шақыртулар саны кешке қарай артады. Осы мезгілде арнайы күшейтілген және қосымша бригадалар кезекшілікке шығады.
Ирина Мищенко, жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары:
- Менің ойымша, біз әлі вирустық инфекцияның шарықтау шегіне жеткен жоқпыз. Әлі плато кезеңіне де келген жоқпыз, өйткені күн сайын науқастар саны өсіп жатыр. Шамамен екі аптадан кейін ғана платоға шығамыз деп ойлаймын, одан кейін біртіндеп төмендеу басталады. Әдетте тұмауға шалдығу деңгейі аяз түскен кезде бәсеңдейді. Алайда биылғы күз ерекше жылы болып тұр. Сондықтан көрсеткіш бұдан да жоғары болады деп күтілуде.
Тегтер #Павлодар облысы #тұмау #сырқат #инфекцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz