RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында дабыл қондырғысы тегін таратылды

19.11.2025, 20:13 370

Жетісу облысының Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға 2000-ға жуық дабыл қондырғысын тегін таратты. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бірінші кезекте берілді. Түтін шыққан бойда ақылды қондырғы бірден дабыл қағады. 

Жылыту маусымы басталғалы, өңірде 35 рет өрт болған. «Алайда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайды», - дейді мамандар. Қазір өңірде «Өрт қауіпсіздігі» айлығының екінші кезеңі жүріп жатыр. Алғашқысы тамыз бен қыркүйек айының аралығында өткен еді. Төтеншеліктер жер үйлерді аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Пештерді тексеріп, ақау табылса, ескерту береді.

Батырбек Қойдисанов, қала тұрғыны:
- Департаменттен келіп, дабыл орнатып кетті.
Жас балалар болғаннан кейін иісті сезбей қалмас үшін. Өте пайдалы нәрсе екен. Қауіпті газдың иісі шыққан кезде дабыл соғады. Соны орнатып кетті, жақсы болды. 

Жан Дастанұлы, қалалық ТЖБ аға инженері:
- Жылыту маусымы басталғалы Жетісу облысында 35 нысан өртенді. Ол былтырғы жылмен қарағанда 10 пайызға кем. Осыған байланысты Жетісу облысы ТЖД қызметкерлермен қатты отынмен жағатын тұрғын үйлерге рейдтер жүрізілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz