Жасанды интеллектінің көмегімен енді сот сараптамасы жеделдей түспек, деп хабарлайды 24KZ. Жаңа жүйе құжаттарды автоматты түрде тексеріп, олардың құрылымы мен заң талаптарына сәйкестігін анықтайды. Сонымен қатар жас сарапшыларды оқытуға септеседі.
Мамандардың айтуынша, сот сараптамасын жүргізуге том-том құжатты жіті талдау қажет. Оған аз уақыт жұмсалмайтыны белгілі. Сондықтан тәжірибелі сарапшылардың жүктемесі артқан. Енді жаңа технология осы жұмысты жеңілдетеді. Цифрлық жүйе «Жасанды интеллект дәуіріндегі сот сараптамасының болашағы» атты халықаралық форумда таныстырылды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен форумға көршілес елдерден жетекші сарапшылар, ғалымдар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиында жасанды интеллектіні сот сараптамасында қолдану мен әдістемелік стандарттарды жетілдіру талқыланды.
Бауыржан Сматлаев, ЕҰУ Заң факульетінің деканы:
- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында жасанды интеллект туралы, цифрландыру туралы үлкен маңызды мәселелер көп қозғалды. Біз соның аясында жұмыс жасап жатырмыз, яғни цифрлық талдау, қазіргі қылмыстық іздерді іздеу, табылған дәлелдерді қорытындылау, ЖИ-мен байланыстырып, соның бәрін талдау, оны ары қарай дамыту, оның қорытындысын күшейту, яғни сот процесі кезінде дәлелдемелерді күшейту, алдын ала тергеу кезінде жиналған дәлелдердің анықтау үшін осы жүйе қатты көмектеседі.
Тегтер #Заң мен тәртіп #жасанды интеллект #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz