RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында теңіз табанына сексеуіл егіліп жатыр

20.11.2025, 16:12 404

Арал теңізінің құрғап қалған аумағына сексеуіл егу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл Мемлекет басшысының 1 млн гектардан астам аумаққа сексеуіл егу жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынған шара. Бес жылдық жоба биыл аяқталады. 2021 жылдан бастап 660 мың гектарға шөлді және сортаң топыраққа бейімделген көшеттер егілді. Биылғы күзде мамандар қалған 440 мың гектар аумақты түгел қамтуды жоспарлап отыр.  

Данели Бердешова, облыстық Табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы: 

- Осы жоспарланған көлемнің 138 мыңы көктем айында, қалған көлемін күз айында орындау жұмыстары жүріп жатыр. Оған қажетті көшеттері жергілікті жерге жерсіндірілген. Орман шаруашылығы мекемелерінде өсірілген сексеуіл көшеттері пайдаланылып отыр. Қазіргі уақытта қажетті сексеуіл тұқымын жинап, өнімділік сапасын тексеруге өткіздік. Өнімділік сапасын тексеруден өткізгеннен кейін себу жұмыстары басталатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz