Ақтауда «Таза бейсенбі» акциясы аясында өндірістік кешендер мен мемлекеттік ғимараттардың айналасы абаттандырылып жатыр.
Дәстүрлі акция жыл басынан Маңғыстау облысының барлық елді мекенінде өтіп жатыр. Қоғамдық орындарға мыңдаған тал көшеті егіліп, 70 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды. Тазалық шаралары Каспий жағалауында да жиі ұйымдастырылады. «Amanat» партиясы филиалының қызметкерлері де мекеме ауласын ретке келтіріп, көше бойын қоқыстан тазалауға атсалысты.
Анар Шамшадинова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
- «Таза бейсенбі» жобасы аясында апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі. Ғимараттардың, саябақтарды, теңіз жағалауының тазалығы ғана емес, сондай-ақ жан мен тәннің саулығы. Адамның бойының, ойының тазалығы. Сондықтан біз бұл жобаға өзіміздің партияластарымызды, бастауыш партия ұйымдары мен белсенділерді үнемі шақырамыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтау #қоқыс #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz