Биылғы 9 айда отандық бизнес өкілдеріне берілген несие көлемі 12%-ға өсіп, 14,7 трлн теңгеге жетті.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген мәліметке сай, елде корпоративтік несиелеу құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесі 44%-ды, ірі бизнеске 36%-ды және дара кәсіпкерлерге берілген кредит 20%-ды құрап отыр. Ал жалпы 9 айда банктер 38,7 трлн теңгенің несиесін берген. Өсім 15%-ға жуықтайды. Оның ішінде кепілсіз тұтынушылық кредиттер үлесі 13%. Кепілді тұтынушылық кредит ішінде автонесиелеу 9 айда 32%-ға өсіп, 4,8 трлн теңгені құрады. Ипотекалық кредиттер жыл басынан бері 10%-ға өскен.
2025 ж. қаңтар-қыркүйек
Бизнеске несие - ₸14,7 трлн (өсім 12,1%)
Шағын және орта бизнес - 44%
Ірі бизнес - 36%
Дара кәсіпкерлер - 20%
Жалпы несие көлемі - ₸38,7 трлн (өсім 14,6%)
Кепілсіз тұтынушылық несие - 12,7%
Автонесие - 32,2%
Ипотекалық несие - 10,4%
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Отандық бизнес #несиеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz