RU
Толық нұсқаға өту

Жоғары жалақылы жұмыс орындары ашылады

20.11.2025, 17:33 342

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы тиімді әрі жан-жақты жоспарланған.

Құжат елдегі макроэкономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл жайында «QAZ TRADE» сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Бауыржан Ғайса пікір білдірді. Жоспарлоанған іс-қимылдар аясында елде жыл сайын өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде 100-ден астам инвестжобаны іске қосу көзделіп отыр. Металлургия, машина жасау, мұнай-газ химиясы және агроөнеркәсіптік кешенде жоғары деңгейде өңдеудің 17 ірі жобасын іске асыру жалғасады. 

Бауыржан Ғайса, «QAZTRADE» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары:

- Ең негізгі мақсатымыз, яғни Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет жұмысының басты бағыты әрқашан тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналуы тиіс. Жыл сайын 100 кәсіпорын ашудың нәтижесінде көптеген жұмыс орындарын құра аламыз. Мәселен, машина жасау, металл өңдеу, мұнай-газ-химия салаларында жоғары өңделген өнім шығаруға ден қойылады. Бұл біліктілікті талап ететін, жоғары жалақылы салалар. Сәйкесінше жоғары табыс азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің ақша-несие саясаты тұтынушылық қарыз алуды азайтып, бизнесті қаржыландыруға көшуі де дұрыс шешім. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz