Нақты секторды несиелеудің басты қозғаушы күші банктер мен «Бәйтерек» холдингі болады.
Осыған байланысты Үкімет экономиканың 20 негізгі жобасын қаржыландыру үшін «Бәйтерекке» 1 трлн теңге бағыттамақ. Экономикалық өсудің белсенді саясатын жүзеге асыру үшін холдингтің рөлі күшейтіледі. Акционерлік қоғамның 15-20 жүйе құраушы жобаны жүзеге асыруға шоғырланады. Қаржыландырудағы басымдық тау-металлургия кешеніне, машина жасауға, энергетикаға, инфрақұрылымға, туризмге, агроөнеркәсіптік кешенге, тамақ өнеркәсібіне, мұнай-газ химиясына, агрохимияға және құрылыс материалдарын өндіру салаларына беріледі.
Нақты секторды қолдау
- Банктердің кәсіпкерлерді несиелендіруге бағыттайтын қаражат көлемі - ₸3 трлн;
- Банктер үшін өтімділіктің оңтайландырылған нормативтері 2026 жылға дейін ұзартылады;
- Қор жинақтаудың орнына экономиканы қаржыландыру көлемі өседі;
- Ипотека: Бастапқы жарна жоғарылап, пайыздық мөлшерлеме төмендейді;
- Мораторий: Коллекторларға несие сатуға тыйым салу 2027 жылдың 1 мамырына дейін қолданылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бәйтерек #холдинг #қаржыландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz