Алматыда 42,6 млрд теңге мөлшерінде заңсыз микроқарыз бергендер анықталды.
Бұл туралы Экономикалық тергеу департаменті хабарлады. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілген зерттеу кезінде комиссиялық дүкен, автокөлік жалдау мен онлайн-платформалар түріндегі көлеңкелі микронесиелеу жүйесі әшкереленді. Кей компаниялар тұтынушылармен «тауар сатып алу» шартын жасасып, іс жүзінде оларды кепіл ретінде пайдаланыпты. Одан кейін мүлікті қайта сатып жіберіп, жасырын үстемақы алғаны анықталды. 14 заңды және 1 жеке тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматтарға келтірілген шығын толық өтелген.
Сабырғали Балғалиев, Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары:
- Қарызды алмаған болса құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгіну керек. Содан соң қаржы ұйымына хабарласып, бұл жағдайды түсіндіріп, артық төлемдерін тоқтататуын өтіну керек. Сонымен қатар сол қаржы ұйымынан қаржы алуға негіз болған барлық құқжаттарды талап етіп, қолтаңбаны және өзге құжаттарды қалай қолданғанылғанын білуге болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz