Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізіліп жатыр.
Пилоттық жоба өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Қазір аймақта 10-ға жуық серіктестік сандық жүйеге көшкен. Алдағы уақытта игі жобаны басқа да шаруа қожалықтарға кеңінен таратып, мамандарды арнайы оқудан өткізу жоспарланған.
Ақмола облысында жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастады. Яғни тың технологияны тек ауыл шаруашылығы саласында емес, медицинада енгізіліп жатыр. Сандық жүйе сала мамандарының уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдетпек.
Мағжан Ержан, Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы:
- Біздің қазіргі дәрігерлердің қабылдау кезіндегі әрбір қабылдауын 20 минутқа дейін қысқартады. Сонда операциондық артық заттарды өздеріне алып, дәрігер өз жұмысымен айналысқанына жол берді. Екінші жасанды интеллект енді ғана іске қосылып жатыр. Ол жүрек талма ауруларын ең бастапқы кезеңдерінен, дәрігерлердің көзі жетпеген кезеңдерінен анықтай алады.
Сонымен қатар биыл аймақта Digital Aqmola орталығы ашылды. Жаңа нысан көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді.
Асылбек Байборанов, «Smart Aqmola» КММ басшысының орынбасары:
- Қазір біз барлық жедел қызмет түрлері ортақ платформаға топтастырдық. Бұл цифрлық қадағалау жүргізуге ыңғайлы. Мысалы, соңғы екі айда 109 қызметі 8 мыңға жуық өтініш қабылдады. Көбіне қоқыс шығару, тұрғын үй ауларында шашылып жатқан құрылыс материалдары және жол бойындағы тұрмыстық қалдықтарға қатысты өтінімдер түседі.
Ал орталық мамандары облыс төңірегіндегі тазалық пен қауіпсіздікті арнайы дрондармен бақылайды. Қазір өңірде осындай 5 аппарат бар. Жалпы Digital Aqmola орталығы алдағы үш жылда облысты толық цифрлы өңірге айналдыруды мақсат етеді.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақмола #ауыл шаруашылығы #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz