RU
Толық нұсқаға өту

Балқаш қаласында орталық көшелер қоқыстан тазартылды

20.11.2025, 21:53 486

Балқашта «AMANAT»партиясының өкілдері, еріктілер мен студенттер орталық көшелерді тазалап, жол жиегін абаттандыруға үлес қосты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен экологиялық шараға 50-ден аса адам қатысты. Табиғат жанашылары көше бойынан  30 қап қоқыс жинап, полигонға жөнелтті. Жастар тазалық акцияларына жиі қатысады. Бұған дейін Іле өзенінің жағасындағы тоғайларды тазалап шыққан еді. Ал қыста жалғызбасты жандарға, қарттарға көмектесіп,  қар тазартады.

Артём Ильясов, волонтер:

- Осындай акцияларға үнемі атсалысамыз. Қаланы, қоршаған ортаны таза ұстау өзімізге байланысты. Балқаш - туристік қала. Мұнда келген демалушылар сүйсінетіндей экологиялық мәдениет ерекшеленіп тұруы керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz