Бұдан былай әскери есепке алу және әскерге шақыру цифрлық форматта жүргізіледі.
Басты жаңашылдықтардың бірі - тиісті хабарлама SMS-пен және еGov порталындағы жеке кабинет арқылы жолданады. Ал «е-Медосмотр» жүйесіне әскери қызметкерлердің денсаулық жағдайы туралы ақпарат енгізіледі. Барлық дерек мемлекеттік базалармен біріктірілген. Бұл арқылы әскерге шақыру науқаны мейлінше ашық болады, дейді мамандар. Биыл жыл соңына дейін 22 мыңға жуық азаматты әскер қатарына алу көзделген.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Мекен жайды ауыстырғанда автоматты түрде сол уақытта ауыстырылады. Одан бөлек жұмысқа тұрғанда ер азаматтар біледі, кадр департаменті немесе бөлімшелері военкоматтан анықтама сұрайды. Ол анықтаманы бұрын военкоматқа барып алып келуі керек тұғын. Қазір кадр бөлімшелеріне біздің ақпараттық жүйемізге қолжетімділік беріп, олар е-Enbek немесе мемлекеттік қызметкер болса, е-Qyzmet ақпараттық жүйелерінде оның барлық ақпаратын көре алады. Яғни әрі-бері жүгіріс жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әскер #цифрландыру #2025 #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz