Астанада армян халқының ұлы ағартушысы Месроп Маштоц атындағы көше ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Ұзындығы 750 метр. Қабанбай мен Тұран көшелерінің ортасында орналасқан.
Салтанатты рәсімде сөз алған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева іс-шараны «армян халқына көрсетілген құрмет пен достық пейілдің белгісі» деді. Биыл сәуірде Ереванда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының атындағы саябақ ашылған. Енді онда ойшылдың құнды мұрасы ұлықталады. Ал елордаға Месроп Маштоц көшесінің берілуі – рухани мұра мен халықтар мәдениетінің тоғысып, бір-бірін байыта түскендігінің дәлелі. Месроп Маштоц армян әліпбиінің авторы, педагогиканың негізін қалаушы, теолог әрі ойшыл ғана емес, армян халқының ұлттық болмысын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға екендігін атап өтті Аида Балаева.
Жанна Андреасян, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі:
- Бүгін біздің халықтарымыздың достығы мен мәдениетін өзара құрметтеудің жаңа жарқын парағы ашылып жатыр. Мен үшін еліміздің атынан Месроп Маштоц көшесінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысу үлкен мәртебе. Осылайша бүгін ірі тұлғаның есімі Астанада, Қазақстанның жүрегінде естіледі. Бұны халықтар достығының зияткерлік және ағартушылық нышаны деп санаймын.
Тегтер #Армения #көше атауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz