Түркістан облысында өрт қауіпсіздігіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жаппай тексеру басталды. Төтенше жағдай мен газбен қамту мекемесің, полиция мен жедел жәрдем қызметінің жүзге жуық маманы Ордабасы ауданына қарасты ауылдарға рейд жасады. Себебі 50 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда табиғи газ жоқ. Барлығы көмір жағады.
Ас-су әзірлеуге газ баллонын пайдаланады. Мамандар қайғылы жағдайға көбіне тұрғындардың салғырттығы себеп болатынын айтады. Үй иелері мен кәсіпкерлерге кемшілікті түзеуге мұрсат берілді. Ал тұрмысы төмен отбасылардың мұржасын мамандар өздері тазалап берді. Жылыту маусымы басталғалы облыс бойынша 34 мың үй тексеріліп, 10 мыңнан аса кемшілік анықталған. Тамыз айынан бері 392 өрт тіркеліп, 18 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Сондықтан рейдтік шаралар әлі де жалғасады.
Жасұлан Айнабек, облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары:
- Көмір бізде жанғыш материал болып саналады. Жанғыш материалды қазандықтың қасына көп жинап қойған. Одан бөлек, мына жерде ағаш, бұйым, басқа да жиһаздардың барлығын жинап тастаған екен. Осыны алуға қазір ұсыныс тастадық. Электр тоқ көздерін пайдалану бойынша да бірқатар кемшіліктер айттық.
Тегтер #өрт қауіпсіздігі #Түркістан облысы #тұрғын үй #нысандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz