RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында «Қыс-2025» оқу-жаттығуы басталды

21.11.2025, 19:53 506

Қызылорда облысында шұғыл әрекет ету қызметтерінің қысқа дайындығы тексерілуде. Бүгін өңірде «Қыс-2025» атты командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Негізгі іс-шаралар Арал ауданында өтіп жатыр.

Алдын-ала келісілген сценарий бойынша, көктайғақ пен боран салдарынан жолда автобус жеңіл көлікпен соқтығысады. Салонындағы жолаушылар машинадан шыға алмай қалады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар темірді кесіп, зардап шеккен азаматты аман алып қалады.  

Жаттығу барысында теміржолдағы іс-қимыл да пысықталды. Өртенген вагондағы жолаушылар эвакуацияланып, оларға шұғыл жәрдем көрсетілді. Осы уақытта құтқарушылардың келесі тобы елді мекеннің айналасында іздеу жұмыстарын бастаған еді. Олар мал бағып жүріп адасып кеткен 2 бақташыны ізшіл иттердің көмегімен табады. Жалпы алғанда екі күндік оқу-жаттығу шараларына мыңнан астам маман мен 319 арнайы техника жұмылдырылды.

Бекболат Әбдіқадыров, Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары: 

- Оқу-жаттығудың мақсаты - қысқы кезеңдегі жағдайларды, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі іс-қимылдарды, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау болып табылады. Қазіргі таңда  Арал ауданы Арал қаласында практикалық кезеңдер пысықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz