RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Халық заңгері» науқаны өтіп жатыр

21.11.2025, 21:55 495

Қазір тұрғындар қоғамдық орындарда құқықтық көмек алу мүмкіндігіне ие. Заң консультациясын қала әкімдігі мен прокуратурасы бірігіп ұйымдастырып отыр. 

Бүгін «Пригородный» тұрғын алабындағы мектепке келушілердің қарасы қалың. Себебі мұндағы акт залында білім-біліктілігі жоғары заңгерлер мен мәселені шешуге бағыттайтын арнайы мамандар жиылған. Тұрғындар келіп, неке-отбасы құқығы, тұрғын үй, жер телімі, салық және әлеуметтік қызмет секілді бірқатар проблема бойынша өз сауалын қояды.

Бақытгүл Нысанбаева, қала тұрғыны:

- Акция туралы бізге Есіл ауданынан инспектор Нариман ақпарат берді. Соны біз тұрғындар арасында группаға таратып, солай келіп отырмыз. Өте қолайлы, қалаға бармайсың. Осында келіп, керек сұрақтарды қойып, жауап аласың.

Бұл науқанның ерекшелігі сол, кез келген сұрақ бойынша кеңес тегін. Сол үшін де «Халық заңгері» акциясына сұраныс артып келеді.

Аян Әбдінасыров, Есіл аудандық прокуратурасының бөлім бастығы:

- «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде «Халық заңгері» акциясы өткізілуде. ШОБ өкілдерінің, студенттердің, осал санаттағы адамдардың сұрақтары және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында осы акция өткізілуде. Қазір бізге келіп жатқан адамдардың сұрақтары әртүрлі, оның ішінде жер мәселесі бар, қылмыстық іс шеңберіндегі сұрақтар, басқа да әлеуметтік салада сұрақтар қарастырылуда. 50-ден астам азамат қабылданып, оларға тегін түрде құқықтық кеңес берілді.

Науқан қаланың алты ауданында бірдей өтеді. Тұрғындар мектеп, колледж және сауда үйі секілді орындарда заңгердің тегін кеңесін ала алады.

Авторлары: Альмира Оразбай Ақылбек Есімсеитов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz