«Айбын» президенттік полкінің сарбаздары ант қабылдады.
Енді 200-ден астам жауынгер Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері құрамында борышын өтейді. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген жігіттер әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында дайындықтан өтті. Алдағы уақытта олар жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында шыңдалып, арнайы тапсырмалар орындайды.
Александр Шуликин, ҚР МКҚ «АЙБЫН» Президенттік полкі», 0212 әскери бөлімі 1 басқарма бастығының орынбасары:
- Бұл сарбаздар келешекте өздерінің борыштарын осы Астана қаласы Абылай хан даңғылында орналасқан әскери бөлімде борыштарын өтейді. Бізде екі бөлімшеде қарастырылған. Бірінші бөлімше бұл құрмет қарауыл ротасы және екінші бөлімше жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын басқарма.
Асылжан Әбсамат, қатардағы жауынгер:
- Айбын полкінде қабылдап жатқаныма өте бақыттымын. Себебі осы президенттік полкке біз іріктеліп өттік. Қарағанды облысынан біз керекті құжаттарды жинап, медициналық тексеріс өтіп, дене шынықтыру жағынан тапсырып, осылай іріктеліп келгеніме қуаныштымын.
Тегтер #Таңдаулы #Айбын #президенттік полк #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz