RU
Толық нұсқаға өту

Елордада кезекті Taldau Run спорттық жүгіруі өтті

22.11.2025, 13:16 355

Бүгін таңертең спортсүйер қауым Елордадағы ботаникалық баққа жиналды.

Осы жерде кезекті Taldau Run спорттық жүгіруі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытындағы бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жиналғандардың қатарында Парламент депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен талдау құрылымдарының өкілдері бар. Сондай-ақ Қарағандыдан арнайы келген бірінші өңірлік талдау мектебінің тыңдаушылары да жүгіруге қатысты. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, бұқаралық және инклюзивті спортты дамыту, қажетті жағдай жасап, тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz