Биыл Қызылорда облысында құны 2 трлн теңге болатын 90 жоба жүзеге асырылды.
Нәтижесінде 11 мың азамат жаңа жұмыс орынымен қамтылды. Бұл туралы республикалық Ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысында аймақ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді. Ол аға буын алдында түрлі бастамалар мен өңірдің жетістіктеріне тоқталды. Жиын барысында бірқатар белсенді азаматқа алғыс хаттар, медаль, арнайы төсбелгі мен грамоталар табысталды. Бұдан бөлек ақсақалдар көшпелі отырыс аясында «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына атсалысты. Ардагерлер қаладағы Президент паркіне барып, онда 160-тан астам қайың, үйеңкі және туя көшетін екті.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
- Биыл еліміз үшін тарихи мерейтойлар жылы. Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл, Тәуелсіздігіміздің ең басты кепілі Конституциямызға 30 жыл, этносаралық келісім саласындағы негізгі институт Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толуда. Ұлтымызға қазақ атауының қайтарылғанына, Қызылорда қаласының қазақ елінің астанасы болғанына 100 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Мерейлі жыл аясында аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда.
Тегтер #Қызылорда #ардагерлер #отырыс #24KZ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz