Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған шарада жас жұлдыздар мен модельдер және ерекше қажеттілігі бар балалар бір сахнада өнер көрсетті.
Жобаның басты мақсаты инклюзивті қоғам құруға үндеп, бүлдіршіндерді шығармашылыққа, мәдениетке баулу. Сонымен қатар бұл сахна балалардың өз талантын танытып, үлкен өнерге қадам басуға мүмкіндік береді.
Гүлнұр Бөкен, дизайнер:
- Бізге бүкіл Қазақстаннан ата-аналар, балалар келді. Бүгінгі кеште қазақстандық дизайнерлер өз коллекцияларын, туындыларын көрсетіп жатыр. Бұл өте керемет және ерекше алаң деп айтуға болады. Дизайнерлерге және болашақ модельдерге. Көптеген балалар бүгін бірінші рет шығып жатыр подиумға. Кейбір балалардың кәсіби дарыны бар.
Тегтер #Астана #сән көрсетілімі #Unique Fashion ShowPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz