Қазақстан туу көрсеткіші жоғары мемлекеттер қатарына енді. Демографиялық динамиканы БҰҰ жоғары бағалады. Халықтың 34%-і бала. Оқу-ағарту министрлігі кішкентай тұрғындарымыздың саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанын айтады. Осы орайда табиғи ресурстардан түсетін кірістің айтарлықтай бөлігі балалардың дамуына жұмсалады.
Былтырдан бері Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-і кәмелекетке толмаған азаматтардың шотына аударылып жатыр. Сөйтіп, биыл 324 мың баланың әрқайсына 130 доллардан түсті. Мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тамақ тегін. Балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Алдағы жылы «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы іске қосылады.
Жалпы биыл қаңтар-қыркүйек айлары арасында 249 312 сәби өмірге келді. Халық саны 20 445 231-ге жетті. Қайтқандар саны 97680. Яғни туғандар қатары өмірден озғандардан 2,5 есе артық. Ал көшіп келгендер 16175, қоныс аударғандар 5975. Мұнда да кеткендерден, көшіп келгендердің 3 есеге жуық көп екені көреміз.
Тегтер #туу көрсеткіші #балалар #демография #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz