2040 жылға қарай жаһандық әуе қозғалысының жүктемесі екі есеге артады деген болжам бар. Бүгін үкіметке Азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды.
Алдағы үш жылға арналған жоспарда халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сай болудың мәселесіне баса мән берілген. ИКАО аудитінің нәтижесі Қазақстанның халықаралық стандарттарға 95,7%-ға сай екенін көрсетті. Айта кетерлігі, қазіргі таңда әлемдік орташа көрсеткіш 72 пайыз, ал Еуропада 88%-ды құрап отыр. Дегенмен жоспарға сәйкес отандық әуежайлар мен навигациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмысы көзделген.
Бұдан бөлек, халықаралық және ішкі бағыттағы желіні кеңейту міндеті тұр. Сондай-ақ Астана және Алматы әуежайлары базасында аэрохаб желісін дамыту жоспарда бар. Жиында өңірлік байланысты нығайту мақсатында ішкі әуе бағыттарды субсидиялау мәселесі қаралды. Жалпы биыл 10 айда жолаушылар тасымалы көлемі 6%-ға өсіп, 13 млн жолаушыдан асты.
Тегтер #азаматтық авиация #жоспар #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz