RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында көксерке балығы көбейіп келеді

24.11.2025, 16:05 448

«Жайық-Каспий» бассейнінде көксерке балығы көбейіп келеді. Негізінен терең, тұнық суды мекендейтін су маржаны Жайық өзені тазарған соң өрістеп, Каспийден 200-250 шақырымға дейін шыққан.  

Индер балық инспекциясының мамандары Жайықтан Атырауға келетін шекарасынан көксеркелердің молайғанын байқаған. Осыған орай айдын бетінде қырағылық күшейді. Инспекторлар өткен 10 айда ауға шырмалған бір тоннаға жуық балықты құтқарып, 100-ге тарта ау құралын және тоғыз қайықты айналымнан шығарды.  

Серікқали  Дәуленов, Индер балық инспекциясының бас маманы:

- Жайық бойына қарасты су тоғандарын, Бағырлай каналын және Қызылқоға  ауданындағы су тоғандарын бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Биыл балық, әсіресе көксерке балығы көбеюі осы күзгі миграциясы кезінде жақсы байқалды. Көксеркенің көбею себебі былтыр, 2024 жылдан Жайық өзеніне судың мол келуі қара балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай туғызған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz