RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да тоғыз шағын ГЭС салынады

24.11.2025, 18:14 324

Шығыс Қазақстанда алдағы бес жылда тоғыз су электр станциясы салынады. Қазір инвесторлар анықталды. Стратегиялық нысандар Алтай, Катонқарағай, Күршім және Марқакөл сияқты таулы аймақтарда бой көтереді. 

«Бұл жоба тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысы үшін қажетті электр энергия қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Жалпы еліміздегі су ресурстарының 60 пайыздан астамы Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Зерттеулер нәтижесіне сай 22 өзеннен екі гигаваттқа жуық экологиялық таза электр қуатын өндіруге болады. 

Нұрлан Рамазанов, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Инвесторлар осы келесі жылы бізде аукциондық сатылымдарға қатысып, алдағы бес-алты жылда су электр станцияларын Шемонаиха, Алтай аудандарында су электрстанцаларын салуға мүмкіндіктер бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz