Алматы облысы бойынша жол қауіпсіздігін қадағалауға арналған 49 бейнекамераға жасанды интеллект бағдарламасы орнатылды. Аталған құрылғының көбі қауіпті жол бөліктеріне қойылған. Өйткені еліміздің бұл өңірінде жол-көлік оқиғалары жиілеп барады. Соңғы үлгідегі цифрлық технологияларды қолданудағы басты мақсат – жол апаттарының санын азайту.
Облыстағы тас жолдарда жалпы саны 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр. Бейнежазу құрылғыларының көбі жолдың аса қауіпті бөліктеріне орнатылған. Солардың бірі - үлкен Алматы айналма жолы. Ол ірі мегаполисті халық тығыз қоныстанған аудандармен байланыстырады. Жасанды инттеллект бағдарламасы әзірге осы жол бойындағы 50 шақты бейнекамераға орнатылды. Жолда қандай да бір қауіп туындай қалса, жасанды интеллект камералары орталыққа шұғыл ақпарат жолдайды.
Мейрам Әбікеев, Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы:
- Біздің ІІМ қаншама ИИ, дронды, ЕКИН патрульді қолданып, 325 АПК орнаттық. 9100 камера орнаттық. Соның бәрі жүргізушілердің жол ережесін сақтап, жол апатына түспес үшін жасалады. Соның бәрін қолданғанмен жүргізушілердің мәдениеті болмай, сол кісілердің сана сезіміне жетпей, оның бәрін қолданғанымыз жеткіліксіз екенін көрсетіп тұр.
Бейнебақылау камералары шалғай ауылдарға да орнатыла бастады. Әзірге 32 елді мекенге соңғы үлгідегі цифрлық технологиялар бойынша жұмыс істейтін бейнеқұрылғылар қойылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыс аумағында тәулігіне жүзден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркеледі.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов
Тегтер #жол апаттары #қауіпсіздік #ЖИ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz