RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік дрондармен бақыланады 

24.11.2025, 19:46 360

Шымкенттік полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті дрондармен бақылай бастады. Ұшқышсыз аппаратпен негізінен мектеп айналасы, саябақтар мен халық көп шоғырланатын жерлер қадағаланады. 

Сонымен қатар жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін де қолданылады. Құрылғы күндіз-түні түсірілім жасай алады. Бейнежазба бірден орталыққа жіберіліп, соған сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Қажет жағдайда тәртіп сақшылары оның дыбыс ұлғайтқышымен тұрғындарға ескерту жасай алады. 

Тоқтарбек Әшірбаев, қалалық ПД патрульдік полиция полкінің командирі:

- Қала аумағында сараптама анализ жасаймыз. Қай жерде жол көлік оқиғасы орын алғанын. Қала аумағында камерамен қамтылмаған көше қиылыстары бар. Көп жерде жол ережесін сақтамай, қарсы бағытқа шығып кететін кездер болады. Жаяу жүргіншілерге жол бермейтін оқиғалар болады. Соның бәрін алдын алып, жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау мақсатында қызмет атқарудамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz