RU
Толық нұсқаға өту

Кейінгі жеті жылда азаматтықтан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды

24.11.2025, 19:50 402

Бұл туралы бүгін Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді. Жиында Қазақстан азаматтығын қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

Ерлан Қариннің айтуынша, ел азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022-де – 114, 2023 жылы – 107, 2024-те – 77, ал 2025 жылы 68 адам азаматтықтан шыққан. Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. «Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр», - деді ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz