50 шақырымға жуық өзен арнасы тазартылып, тереңдетілді. Оның ішінде жыл сайын қауіп төндіретін Жабай, Қалқұтан, Шағалы, Нұра сияқты ірі су айдындары бар. Бұдан бөлек, аймақта ескірген 11 гидротехникалық нысан жаңартылды.
Бұл Дамса ауылындағы су бөгеті. 1960 жылы салынған гидронысан бірде-бір жөндеу көрмеген. Соның кесірінен көктем сайын жақын маңдағы үш елдімекенге қауіп төндіреді. Қазір бөгеттегі ескі шлюздер жаңартылып, су өткізу құрылғылары ретке келтіріліп жатыр. Ауқымды жоба корпоративтік қор есебінен қаржыландырылған.
Жасұлан Әліпов, Дамса ауылының тұрғыны:
- Бұрын жасалмай тұрғында ауылымызға қауіп төнген. Қанша су тасыды. Соның бәрінде тұрғындар болып жиналып, қаппен құм жинап, ретке келтіріп көмектесетінбіз. Қазір жаңарған себепті қауіп азайды.
Данияр Ахмет, құрылыс учаскесінің бастығы:
- Шілде айында бетондық жұмыстардың бәрін бастап, ескі шлюздің концервациясын бастадық. Жоба бойынша гидротехникалық жұмыстарды толық аяқтап, біз қазір төсемдерді төсеу, уақытша төсемдерді қайта алу жұмыстарын жасап жатырмыз.
Дәл осындай тасқынға тосқын шаралары барлық ауданда жүріп жатыр. Осы күнге дейін 46 шақырым арық тазаланып, 30 шақырымға жуық жаңа бөгет салынды.
Джанет Микишев, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Ең басты проблеманың бірі гидротехникалық құрылғылар болды. Олардың көбі ескіріп, әбден тозған. Биыл осы олқылықты ретке келтірдік. Облыс бойынша 11 гидротехникалық құрылғы жаңартылды. Сондай-ақ барлық өзен жағасын нығайтып, тереңдеттік. Бұл жұмыстарға 11 млрд-тан астам теңге бөлінді.
Сонымен қатар биыл өңірде тасқын қаупі жоғары аймақтағы 27 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Жыл соңына дейін Бұланды ауданындағы 60 отбасыға реновация бағдарламасы аясында жаңа үй беріледі.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко
Тегтер #Ақмола облысы #су тасқыны #алдын алу шарасы #бөгетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz