RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында құтқарушылар рейд ұйымдастырды

24.11.2025, 21:58 377

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке үйлерді аралап, тұрғындарға тілсіз жаудан сақтану жолдарын түсіндіріп жүр. 500-ге тарта қарттар мен көпбалалы отбасылардың баспаналарына улы газ туралы хабар беретін дабыл құралдары орнатылды. 

Мамандар осы күнге дейін 50 мыңнан астам жеке үйде болып, 338-інде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғанын анықтаған. Айта кетерлігі, жыл басынан аймақта 31 өрт дерегі тіркеліп, бір адам опат болды. 

Темірбек Бейсенбин, ТЖД департаменті бастығының орынбасары:

- Жылу маусымының басталуына орай Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй аудандарындағы өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті.  Ең қарапайым ережелерді тұрғындардың есіне салу  талай қайғылы оқиғаның алдын алатыны анық. Мұндай шараларды жүйелі түрде өткізіп келеміз. Апта сайын сәрсенбі, жұма, сенбі күндері біздің мамандар үй аралауға шығады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz