RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумы өтті

24.11.2025, 22:28 429

Ұлытау облысында жыл басынан бері 58 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. «Бұл - салаға тартылған инвестиция және мемлекет қолдауының нәтижесі», - дейді шаруалар. Жергілікті билік 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есе арттыруды көздейді. Бұл жайында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің аймақтық форумында айтылды.

Форум жұмысы «AgroQazaq: Техника. Өнім. Болашақ» көрмесімен басталды. Онда ауыл шаруашылығы техникасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылды. Ал агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері пленарлық отырыста талқыланды.

Дастан Рыспеков, облыс әкімі:

- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту Ұлытау облысының экономикасын әртараптандырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Біздің стратегиялық мақсатымыз – агроөнеркәсіп секторын өңірдің экономикалық дамуының дәстүрлі тірегі болып келген тау-кен өнеркәсібімен тең деңгейге жеткізу. 2030 жылға қарай аграрлық сектор өнімдерінің үлесін екі есеге арттыру міндетін қойып отырмыз.

Өңірдің ауыл шаруашылық әлеуеті зор. Былтырмен салыстырғанда биыл салаға тартылған инвестиция 46 пайызға артты. Мемлекет тарапынан 4,4 мрлд теңге субсидия берілді. Осы қолдауды тиімді пайдаланып, табысты еңбек еткен шаруалар түрлі марапатқа ие болды.

Аманбек Асанов, шаруа:

- Марапат бұл енді әлде де көп күш-қуат береді ғой. Еңбекті одан әрі жақсы етуге. Келешекте жастарды тартуға үлесімізді қосамыз. Біздің орнымызды келешекте солар бассын. 

Форумда ирригациялық жүйелерді дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту және өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Соңында агрокешеннің әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныс қабылданды. 

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрлан Исмаилов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz