Бала – біздің болашағымыз. Ұрпақтың онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бәріміз мүдделіміз. Дегенмен ата-анаға артылған жауапкершілік ерекше. Оқу-ағарту министрлігі: «балаларды зиянды контенттен қорғау үшін бақылауды күшейту керек», – дейді.
Мадина Бисембаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы:
- Ата-ана бақылауын күшейту өте маңызды. Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен онлайн байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиянды контенттен қорғауға мүмкіндік береді.
Тегтер #Оқу ағарту министрлігі #балалар #контент #киберқауіпсіздік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz