RU
Толық нұсқаға өту

2028 жылға дейін 14 мың шақырым су арнасы жөнделеді

25.11.2025, 13:35 384

Елімізде 8577 су арнасы бар. Оның тең жарымы мемлекет меншігінде. Тағы төрт мыңға жуығы коммуналдық шаруашылықтарға қарасты. 278 жекенің қолында, ал 25 иесіз қалған.

Айта кетерлігі, су арналарының дені 60-70 жыл бұрын салынған. Қолданысқа енгізілгелі бері күрделі жөндеуден өтпей, үздіксіз пайдаланылып келеді. Былтыр 2028 жылға дейінгі кешенді су жоспары бекітілген еді. Енді сол жоспарға сәйкес, арналардың 14 400 шақырымы жаңғыртылады.

Мақсат Ибрагим, Суару және дренаж басқармасының бас сарапшысы:

- Бүгінгі күні айтып өтетін болсақ, жалпы алғанда бізде суды қатты қажет ететін облыстар – ол Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары. Қазіргі таңда сол облыстарда механикалық тазарту жұмыстары және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz