RU
Толық нұсқаға өту

Шымкенттегі екі шақырым жаңа жол қозғалысты жеңілдетті

25.11.2025, 14:20 318

Шымкентте Қонаев даңғылының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгінгі күні Түркістан көшесінен Терешкова көшесіне дейінгі екі шақырымдық жол ашылды. Бұл өңірдегі күрделі құрылыс жобаларының бірі болды. Себебі жол бойында базар, бизнес нысандары мен үйлер орналасқан. Шамамен 100 нысан сатып алынды. Соның ішінде бұрынғы тоқыма фабрикасының да бір бөлігі бар. Құрылысқа бірнеше жыл кетті. Алғашқы екі жыл жерді алу процедураларына, ал соңғы үш жыл негізгі құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Жолаушылар көлігі басқармасының деректеріне сәйкес жаңа учаске жол қозғалысын едәуір жеңілдеткен. Жүргізушілер енді қала орталығын айналып, оңтүстік айналма жолға және Ташкент тасжолына шыға алады. Бұл кезеңнің құны 6,8 миллиард теңге болды. Қаржының басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінді.   

Өмір Қалыбаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Қонаев даңғылының бесінші кезеңі. Ол Забадан шағынауданымен Сәуле шағынауданы арқылы өтетін жол. Жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда ол учаскеде қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, жалпы бесінші кезеңнің жұмыстарын аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Келесі жылы аяқтап, қолданысқа береміз деген жоспар бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz