RU
Толық нұсқаға өту

Салық кодексін цифрландыру

25.11.2025, 17:25 377

Салық кодексі ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа салық мәдениетін қалыптастырады.

Айталық, жақында Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйелеріне тәуелсіз IT-аудит жүргізілген. Нәтижесінде жаңа ақпараттық архитектура қалыптастырылып, жүйелердің саны 14-тен 5-ке дейін қысқартылды. Бұл тәсіл өнімділікті арттырумен қатар жасанды интеллект құралдарын енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, цифрландырудың орталық элементі саналатын  Smart Data Finance жүйесі 74 дереккөзден алынған ақпаратты біріктіреді. Жүйе қағазбастылықтан арылтып, салықтық процестерді автоматтандыруға сеп. Сондай-ақ  «Кәсіпкерлердің бірыңғай жеке кабинеті»  жобасы іске асырылып жатыр. Бұл Қаржы министрлігінің барлық цифрлық сервистерін біріктіретін бірыңғай платформа. Кәсіпкерлер бұл арқылы салық және кедендік есептілікті тапсыра алады. Әрі мемлекеттік сатып алуға қатысып, салық төлейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz