RU
Толық нұсқаға өту

Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды

25.11.2025, 20:33 273

Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды.

Отырыс Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтті. Онда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, өнеркәсіп вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ бірқатар өңір басшылары баяндама жасады. Сауда министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде бірнеше облыста шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін құру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Басқарушы компаниялар анықталған. Қазір техникалық құжаттама әзірленіп, инженерлік және өндірістік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар пулы жасақталып, жоспарланған хабтардың аумағына теміржол және автомобиль жолдары жеткізілді. Премьер-министр трансшекаралық хабтарды дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Оларды толық іске қосу жүк қозғалысын айтарлықтай қысқартып, өткізу қабілетін арттыруға, өндіріс көлемін, салық түсімдерін және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыс қарқынын күшейтіп, барлық тараптардың өзара іс-қимылын айтарлықтай жақсарту қажет, деді Олжас Бектенов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz