RU
Толық нұсқаға өту

Жыл соңына дейін Шымкенттің 98%-ы газбен қамтылады

25.11.2025, 21:00 403

Жыл соңына дейін Шымкент қаласының 98%-ы газбен қамтылады.

Қалада инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда. Бүгін көгілдір отын Қызылжар2 тұрғын алабына берілді. Бірінші кезеңде 265 абонент газға қосылды. Сонымен қатар Шымкентте қаланы тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ететін автоматты газ тарату станциясын салу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының шетіндегі "Қызылжар-2" шағын ауданының тұрғындары сумен, жарықпен және газбен қамтылды. Биыл көктемде тұрғындар атқарушы орган өкілдерінен инженерлік желілерді тартуды сұраған еді. Бастама жемісін берді. 

Аружан Қонысбек, қала тұрғыны:

- Біз осы баспанаға жаңадан көшіп келіп, осы жерде тұрғыны болып жатырмыз. Және де бүгінгі жақсы жаңалық бізге көшемізге мемлекеттік газ кіргізілуде. Бұған дейін бұл көшеде жекеменшік газ болған. Және онымен салыстырғанда мемлекеттік газ бізге өте тиімді. 

Бүгінде 265 үй тұрақты сумен, жарықпен және газбен қамтамасыз етілді. Бірақ жұмыс мұнымен аяқталмайды. Келесі жылы екінші кезең басталады, яғни шағын ауданның қалған үйлері де өркениет игілігіне қосылады.

Ермек Қалдығұлов, "Qazaqgaz Aimaq" АҚ өндірістік филиалының директоры:

- Біздің өзіміздің тарапымыздан газ құбырларды біраз жұмыстар, қысқа дайындық жұмыстарын жасап істедік. Біздің және мемлекеттік газ құбырларында ешқандай газ қысымы жетіспеушілігі болмайды.  

Шымкент ұлғайып келеді. Үйлер салынып, кәсіпорындар ашылуда. Газдың жеткілікті болуы үшін жаңа, қуатты автоматты газ тарату станциясын салу туралы шешім қабылданды.

Рзабек Меңдіқұлов, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:

- 2026 жылы бір АГРС-5-ті бастаймыз. Қуаттылығы 300 мың сағатына газ шығарады. Осы АГРС-5 арқасында 100 пайызға қамту көрсеткіші жетеміз.  

Жыл соңына қарай Шымкентті газдандыру 98%-ға жетеді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, инженерлік желілер тарту мен жайлы қалалық кеңістікті дамыту атқарушы органның басым бағыттары болып қала береді.

Достық Талғатұлы, Нұрмахан Бекмұратов, Нұрмахан Мұсатов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz