Арнайы топтағы тұрғындар бүгін «Қамқорлық пен Заң» жобасы шеңберінде өткен мамандардың қабылдауында болып, мәселесін баяндады.
Кейбірінің проблемасы тіпті сол мезетте шешілді.
Астаналық Гауһартас Қалиасқарқызының үшінші топтағы мүгедектігі бар. Сөзіне сүйенсек, тұрғын үйінің алдында арнайы пандус жоқ. Ашық есік күніне орай жеке мәселесімен мамандардың қабылдауында болды. Сөйтіп жауаптылардың араласуымен проблемасы бірден шешілді.
Гауһартас Қалиасқарқызы, қала тұрғыны:
- Коляска береді, ходунок береді средства передвижения жүру үшін. Сосын бізге жылда санаторийге жолдама береді. Жақсы әрине. Осылай халықпен бірге болғаны, мәселесімен келгенде сол дұрыс қой. Осындай болсын дейміз.
Қалада мүгедектігі бар 38 мың азамат өмір сүреді. Оларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Жыл басынан бері Мансап орталығына 2 мыңға жуық азамат еңбек мәселесімен жүгінген. Бүгінде олардың 800-ден астамы жұмыспен қамтылды. Ал 266 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті жәрдемақы алып отыр.
Арайлым Оразова, қала прокуратурасының басқарма прокуроры:
- Ашық есік күніне 60-тан астам мүгедектігі бар адам келіп кетті. Мұнда тек прокуратура органдары қызметкерлері емес, Полиция департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, жұмысқа тұрғызу басқармасы, сонымен қатар заңгерлер де отыр. Барлық сұрақтарды қамтуға тырыстық.
Мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл күні қамкөңіл жандар мамандардың кеңесін алып, мемлекеттік органдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.
Альмира Оразбай, Мерей Талап
Тегтер #Заң мен тәртіп #Астана #мүгедек жандар #24KZ арнасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz