RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 14 мыңнан астам балаға аутист диагнозы қойылды

26.11.2025, 07:29 308

Биыл елде 14 мыңнан аса балаға аутизм диагнозы қойылды. Бұлардың дені мектепке дейінгі жаста. Мамандар бұл дерттің себебі көп дейді. Ең алдымен, ата-аналар да, медициналық-әлеуметтік ұйымдар да бала бойындағы ерекшелікті ерте анықтауға тиіс. Аутизмі бар балалармен көпдеңгейлі жұмыс жүреді.

Әсіресе диагностиканың маңызы зор. Сол арқылы дертті анықтауға болады. Егер, диагноз ертерек қойылса, оңалту да жеңілдейді. Қазір елде 70-тен аса оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Онда түрлі АВА терапияға негізделген ноухау әдістер пайдаланылады. 

Гүлдірайхан Жүнісбекова, балаларды оңалту орталықтарының кураторы:

- Аутист балалармен жұмыста тиімділігі дәлелденген 30 әдісті қолданамыз. Робот терапиясының да пайдасы зор. Бірақ ол бәріне қолжетімді емес. Әрине, бірнеше өңір оны мүмкіндігін көріп жатыр. Біз оған қуаныштымыз. Өзімізде бар мүмкіндіктер де осал емес. Бастысы – жүйелілік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz