Жыл басынан бері елдегі IT саласы мамандарының орташа жалақысы 18% өсті.
20 шақты компания, 6,5 мыңнан аса маман арасында зерттеу жүргізген People Consulting компаниясының дерегіне сүйенсек, ең жоғары өсім Senior- деңгейіндегі мамандарда тіркелген. Сондай-ақ Python жобалау тілін құрушылар мен инфрақұрылым саласының қызметкерлерінде де айлықтың өскені анықталған. Ал жоба менеджерлері, ақпараттық қауіпсіздік мамандары мен желілік әкімшілердің жалақысы, керісінше, өзгеріссіз қалған. Астана мен Алматыдағы IT қызметкерлерінің жалақысы да жаман емес. «Тіпті ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы еңбекақы деңгейінде», – дейді зерттеушілер. Дегенмен еліміздегі ірі және шағын қалалардың арасындағы жалақы айырмашылығы 28%-ке дейін жеткен.
Тегтер #IT саласы #жалақы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz