Елде дәрігерлерге күш көрсету, қол жұмсау фактілері азаймай тұр. Кейінгі 5 жылда 280 маманға шабуыл жасалса, соның 60-ы биыл тіркелген.
Алайда бұл тек ресми статистика. Шын мәнінде, көрсеткіш бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Себебі қоқан-лоқы көргенімен, арыз жазбайтын дәрігер көп. Депутаттардың айтуынша, ақхалаттылар полицияның істі қозғайтынына, кінәліні жауапқа тартатынына сенбейді екен. Оның үстіне сотқарды сотқа сүйреп жүретін уақыттары да жоқ. Осының кесірінен көп іс «жабулы қазан» күйінде қалады.
Тегтер #дәрігерлер #шабуыл #Заң мен тәртіп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz