Цифрлық штаб Digital Qazaqstan-ның кең ауқымды цифрландыру Стратегиясының моделін бекітті. Құжат Мемлекет басшысының Жолдауда белгілеген тапсырмалары шеңберінде әзірленуде.
Модель басқарудың стратегиялық және операциялық деңгейін қарастырады. Операциялық басқаруды Цифрлық трансформация жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Жаңа Стратегия ұлттық жобалар жүйесінде құрылмақ. Олардың әрқайсысында жеке KPI-ы және мерзімдері болады. Сондай-ақ 10 негізгі бағытты қамтиды.
Жобаны жүзеге асыру ЖИ есебінен экономикалық өсуді жеделдетуге, автоматтандыру және цифрлық сервистер есебінен еңбек өнімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтер мен шешімдер қабылдау мерзімдерін қысқартуға бағытталған. Премьер-министр жауаптыларға 31 желтоқсанға дейін Digital Qazaqstan-ның цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Стратегиясының жобасын аяқтауды тапсырды.
Тегтер #цифрлық штаб #стратегия #құжат #Мемлекет басшысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz