RU
Толық нұсқаға өту

Енді ауыл-аймақтардың бас жоспарларын мәслихат депуттаттары бекітеді

26.11.2025, 19:46 304

Жергілікті органға құжатты келісу өкілеттігі берілмек. Бүгін Мәжіліс мінберінде Құрылыс кодексі де қаралып осындай түзетулер енгізілді. Жаңа құжат қоғамдық бақылауға қарқын қосуды көздейді. 

Енді бас жоспар жиырма жылға әзірленеді. Ал егжей-тегжейлі жоспарлау уақыты бес жыл болып бекітілді. Оны түзуге бұқара да атсалыса алады. Алайда құжатқа екі жылда бір реттен артық өзгерту енгізуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, елде Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады. Ол салдағы нормативтерді жаңартумен және жетілдірумен айналысады. Сондай-ақ Құрылыс кодексінде «техникалық тапсырыс беруші» институты енгізіледі. Бұл құрылым нысанды жоспарлаудан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі процестерді толыққанды бақылауға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz