Атырау облысында тіпті арнайы комиссия құрылды. Бұған дейін Махамбет ауданының екі ауылы мен қала іргесіндегі елді мекендерде тышқан қаптап кеткені туралы айтқан едік. Қазір жағдай шиеленісіп үй тышқандары ондаған ауылға тарап кетті.
Махамбет ауданында жағдай ушығып, үш мектеп пен үш балабақша онлайн форматқа ауыстырылды. Обаға қарсы күрес станциясы Жайық бойындағы 25 ауылдан 250 тышқан жинап, зертханаға жіберген. Қауіпті инфекция белгілері анықталмады. Аймақта зиянкестерді жою үшін сегіз дезинфекция бригадасы жұмысқа кірісті. Мамандар удың әсері 7–10 күнде білінетінін айтты. Комиссия жағдайды күнделікті бақылап отыр.
Әлібек Ермекқали, комиссия мүшесі:
- Қазір ең көп байқалып отырған Талдыкөл, Алмалы, Бейбарыс, сол жақта тышқан көп. Алайда соған қарамастан біз Таңдай, Жалғансайда, қаланың ішінде де жұмысты бастадық. Басқа жерге тарап кетпесін деген мақсатта улау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зульфия Қайреденова, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Атырау облысы және соның ішінде Махамбет ауданы бойынша бүгінгі күні кеміргіштер арқылы таралатын аурулар тіркелмегенін айта кету керек. Жалпы алғанда эпиемиологиялық ахуал тұрақты. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
Тегтер #күрес #Атырау облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz