Атырау облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында автоматтандырылған әуе бақылауы іске қосылды. Өңірлік полиция департаменті Атырау–Астрахань, Атырау–Орал және Атырау–Ақтау бағыттарындағы республикалық маңызы бар үш күре жолда дрондарды қолдануды бастады.
Жаңа жүйе малдың нақты бағытын анықтап, жол қозғалысына тосқауыл болмау үшін тиісті қызметтерге шұғыл хабар береді. Жыл басынан бері облыста қараусыз қалған төрт түлік себеп болған 33 жол апаты тіркелген. Салдарынан үш адам қаза тауып, 57 азамат түрлі дене жарақатын алды. Оқиғаның басым бөлігі облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдарда болған.
Әбдіғани Сейдуалиев, Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Мұндағы мақсатымыз – жол-көлік оқиғаларына жол бермеу. Қазіргі таңда Атырау облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 93 пайызға, одан дене жарқаттарын алғандар 100 пайызға артты. Қазір жол бойында қараусыз жүрген малдардың қатысумын, жолаушы тасымалымен жол-көлік оқиғалары көп болып жатыр. Ескерту жөнінде бүгінде қызметкерлер жұмыстарды атқаруда.
Тегтер #мал #дрон #Атырау облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz