RU
Толық нұсқаға өту

«Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бір бөлігінің құрылысы аяқталды

26.11.2025, 22:05 550

Яғни 424 шақырымның 216 шақырымы қалыпқа келтірілді. Жөнделген күрежолдың бұл бөлігі Қызылорда облысының аумағында орналасқан. Қазір мұнда көлік қозғалысы қайта жанданды. 

Құрылыс жұмыстарына бес бірдей мердігер ұйым жұмылдырылып, 400 техника тартылды. Жолдың қалған бөлігі келер жылы пайдалануға беріледі. Жоба толығымен іске қосылғанда тәулігіне 10 мыңға дейін көлік қатынай алады. Оңтүстік өңірлерді елдің орталығымен байланыстыратын күрежол жүк және жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтуға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы:

- Келісімшарт бойынша 2027 жыл деп жатырмыз. Алайда ендігі 2026 жылдың аяғына дейін қозғалысты ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Әрі қарай «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды» жобасын ендігі жылдан бастап жатырмыз. Сол себепті Қызылордадан Жезқазғанға, Жезқазғаннан Қарағанды, Қарағандыдан Астанаға дейін толық қозғалыс екі үш жылда болады деп есептейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz