RU
Толық нұсқаға өту

Оралда мемлекеттік айыптаушылар форумы өтті

26.11.2025, 22:37 357

Бүгін Орал қаласында мемлекеттік айыптаушылардың облыстық форумы өтті. Қылмыстық істерді қарап, әділ үкім шығаруда мемлекеттік айыптаушының рөлі ерекше. 

Прокурордың міндеті - жазаның бұлтартпастығы принципін ұстана отырып, сотқа сотталушының қаншалықты кінәлі екенін ұғынуға көмектесу. Ол үшін айыптаушылар бейтарап болуы, сауатты жауап ала білуі, өз позициясын тараптарға түсінікті жеткізуі шарт. Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы айыптаушылардың жұмысын жетілдірудің стратегиялық маңызын атап өтті. Тәжірибелі мамандар резонансты қылмыстық істерге қатысты тәжірибесімен бөлісті. Жас мамандардың жұмысын жеңілдету мақсатында форумда «Мемлекеттік айыптаушының жадынамасы» және оның «Мобильді прокурор» қосымшасымен интеграциясы таныстырылды.

Дина Ізтілеуова, БҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Мұнда жасанды интеллект элементтері бар. Яғни чат-бот арқылы, виртуалды ассистент арқылы жас мамандар сот процесінде отырып, сұрақтар қояды. Жазалау тәртібі бойынша, сотқа қатысу кезінде тараптардың қарсылығына наразылық білдіруге, куәгерлер мен айыпталушыларға сұрақтарын қою кезінде барлығы да бұл жүйеде қамтылған. Бұл мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс деп есептейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz