RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада құтқарушылар студенттермен кездесті

26.11.2025, 22:40 328

Қызылорда қаласында «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер – ел батырлары» атты ақпараттық-танымдық кездесулер өтіп жатыр. Мамандар студенттерге өздерінің күнделікті қызметі туралы әңгімелеп, арнайы бейнематериалдар, құтқару жабдықтары, өрт сөндіру құрылғылары мен өзге де көрнекіліктерді көрсетті. 

Сондай-ақ өрт, жер сілкінісі, басқа да табиғи апаттар кезінде сақтану, құтқару жолдарын және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді. Бұл жолғы кездесу «Болашақ» университетінде өтті. Оған қала колледждерінің екі жүзден астам студенті қатысты.

Елдар Есенгелдиев, Қызылорда қаласы ТЖ басқармасының аға инженері:

- Өмірде әр түрлі жағдай болады. Соған байланысты студенттерге түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұл іс-шарамыз қауіпсіздікті пысықтау болып табылады. Және мақсаты-студенттерге күнделікті өмірде, тұрмыстағы жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша іс-шара жүргізілді.

Диана Қайназар, студент:

- Кездесуде бізге төтенше жағдай кезінде құтқарушылар жеткенше қалай әрекет ету қажеттігін, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті. Өте қызықты болды. Көп пайдалы ақпарат алдым. Адам қауіп төнген жағдайда өзін сақтап қалудың жолдарын білуі керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz