Елде биыл 80 мыңнан астам қаржылық алаяқтық оқиғасы тіркеліп, 10 мыңнан астам азамат зардап шеккен. Бұл деректерді банктерге арналған қаржылық алаяқтыққа қарсы жүйелерді жасап жүрген отандық компания ұсынады.
Мамандардың айтуынша, бір зардап шеккенге келетін орташа шығын 2,8 миллион теңге, ал ел бойынша жылдық шығын 30 миллиард теңгеден асады. Цифрлық қызметтер дамып жатса да, қауіп-қатер деңгейі азаймай отыр. Әр 10 қазақстандықтың бірі кемінде бір рет алаяқтыққа тап болады. Осыны болдырмау үшін банктер онлайн төлемдерден түсетін айналымның 0,15%-ін антифрод жүйелеріне жұмсайды. Мәселен, тәуліктік айналымы 5 миллиард теңгеден асатын банк антифродқа жылына 220–350 миллион теңге бөледі. Бұл қаражат бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензиялар, мониторинг пен тергеу топтары, қызметкерлерді оқытуға жұмсалады. Ал мамандардың айтуынша, заманауи жүйелерге салынған әрбір доллар 8-15 доллар шығынды болдырмауға мүмкіндік береді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #алаяқтар #банктер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz