Елде цифрлық қылмыстардың саны артты. Биыл ақпараттандыру және байланыс саласында тіркелген құқықбұзушылықтар 86% өскен.
Бұл санатқа құпия деректерді заңсыз алу, ақпараттық жүйелерге қол сұғу, зиянды бағдарламаларды тарату және цифрлық инфрақұрылымға бағытталған әрекеттер кіреді. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, ақпаратты заңсыз жою бойынша 97 дерек, ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын заңсыз өзгерту бойынша 55 іс қаралған.
Жалпы биылғы жылдың басынан бері осы салада 201 құқықбұзушылық дерегі тіркелді. Айта кетейік, 2019 жылы мұндай істердің 62,6%-і сотқа дейін жетпеген.
Тегтер #Заң мен тәртіп #киберқылмыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz