RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда ұшақ билеттері 23,5%-ға қымбаттады

27.11.2025, 17:38 379

Елде биылғы 10 айда әуе компанияларының қызметін 13,1 млн адам пайдаланды.

Былтырға қарағанда 6 пайыздан аса өсім бар. Әуе қатынасы кәсіпорындарының табысы қаңтар мен қазан аралығында 756,7 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға көп.

Айта кетейік, 1 жылда ұшақ билеттері 23 жарым пайызға қымбаттады. Әуе қатынасының бағасы Атырау мен Маңғыстау облыстарында 44% өскен. Бұл кейінгі жылдағы максималды көрсеткіш, деп жазды Energyprom.kz. Айта кетерлігі, 23,5% бұл ел бойынша сараланған орташа мән болғандықтан, әр өңірде әуе тасымалының құны әр-қалай құбылған. Мысалы Абай облысында баға 7,5%-ға арзандаған. Ал басым бөлікте ұшу бағасы 20 пайыз шамасында өскен.

1 жылда - 23,5% 

Атырау облысы - 44%

Маңғыстау облысы - 44%

Абай облысы - 7,5%

Қаңтар-қазан аралығы - 13,1 млн адам

Өсім - 6,1%

Табыс - ₸ 756,7 млрд

Өсім - 9,1%

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz